Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Операциядан кейін сізге арналған біздің ұсыныстарымыз - SmartSight, ReLEx SMILE, FemtoLASIK/LASIK, ФРК

Операциядан кейін дәрігерге бару қажет!

  • Операциядан кейінгі күні сағат 8:30-9:00 аралығында «ASTANA VISION» клиникасына тексеруге келуіңіз қажет;
  • Операциядан кейінгі 1 ай ішінде тексерулер дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-16:00 аралығында тіркеусіз, кезек бойынша жүргізіледі. Одан әрі дәрігердің көрсетуі бойынша;
  • Операциядан 3 ай өткеннен кейін тексеру қажет болса, қайта диагностикаға алдын ала тіркеліп, ақылы қабылдауға келу қажет.

Өмір салтына біртіндеп қайта ораламыз!

  • Операциядан кейінгі күні бетіңізді жуа, басыңызды жуып, душ қабылдай аласыз (көзге су түсуіне рұқсат бар). Компьютерде жұмыс істеуге, телефон қолдануға, теледидар қарауға біртіндеп рұқсат етіледі. Көру қабілеті жоғары болса, операциядан кейінгі күні автомобиль жүргізе аласыз.
  • Бейімделуді жеделдету үшін операциядан 2-3 күн өткен соң 3-4 апта бойы көз гимнастикасын жасау ұсынылады:

КОЗ ГИМНАСТИКАСЫН ЖҮРГІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Түсті қағаздан диаметрі 0,5-1 см дөңгелек (немесе газет мәтінінен кішкене үзінді) қиып алып, терезе әйнегіне жабыстырыңыз. Терезе алдында тұрып, дөңгелек пен көз арасындағы қашықтық 25-30 см болатындай етіңіз. Кезектесіп 15 секунд дөңгелекке, 15 секунд алдын ала таңдап алған алыс нысанға (үйге, ағашқа т.б.) қараңыз. Жаттығуды күніне 2-3 рет екі көзбен бір уақытта 3-5 минуттан орындаңыз. Қарындаш (қалам) ұшын 25-30 см қашықтықтағы нысан ретінде де пайдалануға болады, одан кейін бөлменің алыс бұрышына қарауға болады.
  2. Қарындашпен жаттығу: Қарындашты (қаламды) созылған қол қашықтығында ұстап, екі көзіңізбен оған қарап тұрыңыз, содан кейін оны мұрынға қарай баяу және тегіс жылжытыңыз. Қарындаш екіге бөлінген кезде тоқтап, оны “біріктіруге” тырысыңыз. Егер сәтті болса – жаттығуды жалғастырыңыз. Егер біріктіре алмасаңыз, қарындашты аздап алыстатыңыз, екіге бөліну тоқтағанша, содан кейін тағы аздап жақындатып көріңіз. Бастапқы қалпына оралып, 3-4 рет қайталаңыз.

Операциядан кейін тамшыларды мына жолмен тамызу қажет:

1-2 тамшыдан тамызу Тамызу жиілігі мен ұзақтығы
Дексаметазон (0,1%)
Сигницеф (0,5%)
Күніне 3 рет, 5 күн бойы. Тамызу аралығы 2-3 минут. Тамызуды ____.____ күніне дейін жалғастыру
Офтолик Ультра/ немесе Хило-Комод/ немесе Систейн Ультра/ немесе Артелак Всплеск немесе басқа ылғалдандыратын тамшылар Операциядан кейін 1 ай бойы күніне 4 рет тамызу. Одан әрі қажет болған жағдайда, компьютермен жұмыс істегенде немесе дискомфорт сезілгенде (көздің құрғауы, жегілуі, “құм бар” сезімі т.б.) күніне 1-2-3 рет 2-3 ай бойы тамызу
  • Операциядан кейін тағайындалған көз тамшыларын толық курс бойынша қатаң сақтауды сұраймыз;
  • Ылғалдандыратын тамшыларды тек дискомфорт сезілгенде ғана емес, сонымен қатар көру жүктемесі қарқынды болған кезде, компьютермен жұмыс істегенде де қолдануға болады.
Лазерлік түзетуден кейінгі шектеулер: SmartSight, ReLEx SMILE – операциядан кейінгі күннен бастап ешқандай шектеу жоқ! FemtoLASIK:
  • Контактілі спорт түрлері (волейбол, баскетбол) операциядан кейін 3-4 аптаға дейін ұсынылмайды;
  • Бассейнге, банидағы паряға және саунаға баруды 2 аптаға дейін болдырмау;
  • Қажет болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіздегі емханадан уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе 5 күнге дейін справка алуға болады (бұл туралы алдын ала мекен-жайыңыздағы дәрігермен келісу қажет).
Сізге толық ақпарат алғаныңызға сенеміз және біздің барлық ұсыныстарымызды мұқият орындайтыныңызға үміттенеміз. Құрметпен, «ASTANA VISION» клиникасы. Пікірлеріңізді тіркеу бөліміне, сондай-ақ Instagram @av_astana немесе Facebook Astana Vision парақшаларына қалдыруға болады.
Astana Vision — Қазақстандағы жетекші офтальмологиялық клиникалар желісі. Біздің міндетіміз — заманауи және тиімді емдеу әдістерін ұсына отырып, пациенттердің көру қабілетін сақтау және жақсарту. Astana Vision мамандары офтальмология саласындағы соңғы әзірлемелерді қолдана отырып, кенінен тәжірибеге ие. Біздің клиникалар заманауи жабдықтардың бірегей кешенімен жабдықталған. Процедуралардың сапасы, қауіпсіздігі және пациенттердің ыңғайлылығы — біздің басымдығымыз. Astana Vision-да сіз көздің әртүрлі ауруларына кәсіби көмек ала аласыз. Клиникада шетелдік пациенттерді емдеу бөлімі құрылған. Біз Қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникасы ретіндегі статусымызды ұстап қалу үшін көп жылдар бойы тырысамыз. Бізді таңдайды, сеніп, ұсынады.
Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!