Возрастная макулодистрофия: как сохранить зрение?
Возрастная макулодистрофия (ВМД) – это хроническое заболевание сетчатки, поражающее центральную область зрения (макулу). Оно является одной из ведущих причин снижения остроты зрения и слепоты у людей старше 50 лет. ВМД развивается постепенно и на поздних стадиях значительно ухудшает качество жизни.
Причины и факторы риска
Основной фактор риска – возраст. После 50 лет вероятность развития ВМД существенно возрастает, а после 70 лет встречается почти у каждого третьего человека. Помимо возраста, важную роль играют:
✅ Генетическая предрасположенность – если у родственников была макулодистрофия, риск увеличивается.
✅ Курение – вредные вещества в табачном дыме ухудшают кровоснабжение сетчатки.
✅ Питание – недостаток антиоксидантов, лютеина, зеаксантина, омега-3 и витаминов (A, C, E) способствует развитию ВМД.
✅ Высокое кровяное давление и атеросклероз – ухудшают циркуляцию крови в сетчатке.
✅ Воздействие ультрафиолета – солнечные лучи могут повреждать клетки макулы, поэтому важно носить солнцезащитные очки.
Формы и симптомы заболевания
Выделяют две формы ВМД:
🔹 Сухая форма – встречается в 85-90% случаев. Развивается медленно, сопровождается постепенным ухудшением центрального зрения. Появляются темные пятна и искажение изображения.
🔹 Влажная форма – более агрессивная, приводит к быстрому снижению зрения из-за роста патологических сосудов, которые могут кровоточить.
На ранних стадиях ВМД может не проявляться. По мере прогрессирования пациенты жалуются на:
нечеткость и размытость изображения,
искажение прямых линий (они кажутся волнистыми),
трудности при чтении и работе с мелкими предметами,
темное пятно в центре зрения.
Диагностика и лечение в сети клиник Astana Vision
Раннее выявление ВМД – ключ к сохранению зрения. В сети клиник Astana Vision проводится комплексная диагностика с применением современных методов:
✅ Оптическая когерентная томография (ОКТ) – позволяет детально изучить структуру сетчатки и выявить изменения на ранних стадиях.
✅ Флуоресцентная ангиография – исследование сосудов сетчатки для диагностики влажной формы ВМД.
✅ Тест Амслера – простой способ определить начальные нарушения центрального зрения.
После постановки диагноза врач подбирает оптимальное лечение.
Методы лечения
Полностью вылечить ВМД невозможно, но современные методы позволяют замедлить прогрессирование болезни:
🔹 Инъекции ингибиторов ангиогенеза (Афлиберцепт, Ранибизумаб, Бевацизумаб) – эффективный способ лечения влажной формы ВМД, блокирующий рост патологических сосудов.
🔹 Прием витаминов и антиоксидантов – лютеин, зеаксантин, цинк и витамины группы B могут замедлить развитие сухой формы заболевания.
Профилактика – что можно сделать уже сегодня?
Здоровый образ жизни помогает снизить риск развития ВМД. Врачи рекомендуют:
✅ Отказаться от курения.
✅ Носить солнцезащитные очки с УФ-фильтром.
✅ Включить в рацион больше зелени, рыбы, моркови, яиц и орехов.
✅ Контролировать артериальное давление и уровень холестерина.
✅ Проходить регулярные осмотры у офтальмолога, особенно после 50 лет.
📍 Запишитесь на диагностику в Astana Vision уже сегодня и позаботьтесь о своём зрении!
Жасқа байланысты макулодистрофия: көру қабілетін қалай сақтауға болады?
Жасқа байланысты макулодистрофия (ЖБМД) – көздің тор қабығының орталық бөлігін (макула) зақымдайтын созылмалы ауру. Бұл 50 жастан асқан адамдарда көру қабілетінің төмендеуінің және соқырлықтың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Ауру біртіндеп дамып, кейінгі кезеңдерде өмір сапасын айтарлықтай нашарлатады.
Себептері мен қауіп факторлары
ЖБМД-ның басты қауіп факторы – жас. 50 жастан кейін оның даму қаупі артады, ал 70 жастан асқан адамдардың үштен бірінде кездеседі. Сонымен қатар, келесі факторлар да маңызды рөл атқарады:
✅ Тұқым қуалаушылық – егер туыстарыңызда бұл ауру болған болса, қауіп жоғарылайды.
✅ Шылым шегу – темекі түтініндегі зиянды заттар көздің тор қабығының қан айналымын нашарлатады.
✅ Теңгерімсіз тамақтану – антиоксиданттар, лютеин, зеаксантин, омега-3 және A, C, E дәрумендерінің жетіспеушілігі ЖБМД дамуына ықпал етеді.
✅ Гипертония және атеросклероз – тор қабықтың қан айналымын нашарлатады.
✅ Күн сәулесінің әсері – ультракүлгін сәулелер макула жасушаларына зиян келтіруі мүмкін, сондықтан қорғаныс көзілдірігін кию маңызды.
Ауру түрлері мен белгілері
ЖБМД-ның екі негізгі түрі бар:
🔹 Құрғақ түрі – 85-90% жағдайда кездеседі. Ол баяу дамып, көру қабілетінің біртіндеп төмендеуіне әкеледі. Көріністің бұлыңғырлануы және бейнелердің бұзылуы байқалады.
🔹 Ылғалды түрі – көру қабілетінің тез төмендеуіне әкелетін қауіпті нұсқа. Бұл жағдайда тор қабықта патологиялық қан тамырлары пайда болып, қан кету қаупін тудырады.
ЖБМД ерте кезеңдерде ешқандай белгілер бермеуі мүмкін. Кейінгі кезеңдерде келесі өзгерістер байқалады:
бейненің анықсыз және бұлыңғыр көрінуі,
түзу сызықтардың толқынды болып көрінуі,
кітап оқу мен ұсақ заттармен жұмыс істеу қиындауы,
көру ортасында қара дақтың пайда болуы.
Astana Vision клиникалар желісінде диагностика және емдеу
ЖБМД-ны ерте анықтау – көру қабілетін сақтаудың негізгі шарты. Astana Vision клиникалар желісінде заманауи әдістер арқылы кешенді диагностика жүргізіледі:
✅ Оптикалық когерентті томография (ОКТ) – тор қабықтың құрылымын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді және аурудың ерте кезеңдерінде өзгерістерді анықтайды.
✅ Флуоресценттік ангиография – ылғалды түрдегі ЖБМД-ны диагностикалауға көмектесетін тор қабықтың қан тамырларын зерттеу әдісі.
✅ Амслер тесті – көру ортасындағы бастапқы өзгерістерді анықтауға арналған қарапайым әдіс.
Диагноз қойылғаннан кейін дәрігер оңтайлы емдеу әдісін ұсынады.
Емдеу әдістері
ЖБМД-ны толық емдеу мүмкін емес, бірақ заманауи әдістер аурудың дамуын баяулатуға көмектеседі:
🔹 Ангиогенез ингибиторларының инъекциясы (Афлиберцепт, Ранибизумаб, Бевацизумаб) – ылғалды түрдегі ЖБМД-ны емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі, патологиялық қан тамырларының өсуін тоқтатады.
🔹 Дәрумендер мен антиоксиданттарды қабылдау – лютеин, зеаксантин, цинк және B тобының дәрумендері аурудың құрғақ түрінің дамуын баяулатуы мүмкін.
Алдын алу – көру қабілетін сақтау үшін не істеуге болады?
Дұрыс өмір салты ЖБМД даму қаупін төмендетеді. Көз дәрігерлері мыналарды ұсынады:
✅ Шылым шегуден бас тарту.
✅ Ультракүлгін сәулелерден қорғайтын көзілдірік тағу.
✅ Көкөністер, балық, сәбіз, жұмыртқа және жаңғақтар сияқты пайдалы өнімдерді тұтыну.
✅ Қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылау.
✅ 50 жастан кейін офтальмологтың тұрақты тексеруінен өту.
📍 Astana Vision клиникалар желісінде диагностикадан өтіп, көру қабілетіңізді сақтаңыз!