Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Ремесников Игорь Александрович

Тәжірибесі:
31 жыл
ASTANA VISION көз клиникаларының медициналық директоры, жетекші рефракционды офтальмологиялық хирург, медицина ғылымдарының кандидаты, Еуропалық катаракта және рефрактивтік хирургтер қоғамының (ESCRS) мүшесі.
Ремесников Игорь Александрович Медицинский директор сети клиник ASTANA VISION, ведущий рефракционный офтальмохирург
Стаж:
35 год

Білімі:

  • 1978 – 1988 жж. -«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Волгоград медициналық университеті,
  • 1988 – 1989 жж. – Волгоград медицина университетінің офтальмология мамандығы бойынша интернатура.
  • 1989 – 1991 жж. – Волгоград Еңбек Қызыл Ту орденді медицина институтының көз аурулары мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыған.
  • 2007 ж. – Волгоград мемлекеттік медицина университетінің диссертациялық кеңесінің шешімімен медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру.
  • 2016 ж. – «Қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» циклі бойынша: «Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік гигиена» Медицина қызметкерлерінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру академиясы.

Еңбек қызметі:

  • 1991 жылдан бастап Волгоград қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада көз микрохирургиясы бөлімінде жұмыс істеді;
  • 1995 жылдан бастап С.Н. Федоров атындағы МНТК им. Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Волгоград филиалында жұмыс істеді., Лазерлік бөлімде, ол көз торына операциялар мен лазердің барлық саласын игерді
  • 2002 жылдан 2012 жылға дейін С.Н. Федоров атындағы МНТК федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Волгоград филиалында эксимерлі лазерлік хирургия бөлімінде, кейіннен сыну ақауларын түзету бөлімінде жұмыс істеді;
  • 2005 жылдан 2012 жылға дейін – С.Н. Федоров атындағы МНТК федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Волгоград филиалының сыну аномалияларын түзету бөлімінің бастығы болды;
  • 2012 жылдың мамырынан 2019 жылдың тамызына дейін – «ASTANA VISION» көруді түзету орталығының медициналық директоры (Астана қ.); сонымен қатар 2015 жылдан бастап – «ASTANA VISION» көз клиникалар желісі бас директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • 2019 жылдың тамызынан қазіргі уақытқа дейін – «ASTANA VISION» клиникалар желісі бас директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары.

Орындаған операциялар саны:

  • Барлық жұмыс уақытында ол 40 000-нан астам лазерлік және рефракциялық операцияларды өзі жасады.

Қызметі:

  • PRK, LASIK, FemtoLASIK, ReLEx SMILE, SmartSight әдістерін қолданып лазерлік түзетуді жүзеге асырады.

Кәсіби дамуы туралы:

  • LASIK техникасының негізін қалаушы проф. Иоаннис Палликарис Клиникасында кераторефрактивті хирургия бойынша интернатурадан өтті.
  • 2013 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Рефрактивтік хирургия», «Көз микрохирургиясы» циклдары бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады;
  • 2018 ж. – «Офтальмологиядағы соңғы лазерлік технологиялар»

Сертификаттар:

  • 2008 ж. – Certificate of Attendance 2008 Joint Meeting in Atlanta, Georgia, American Academy of Ophthalmology.
  • 2009 ж. – SCHWIND APPLACATION TRAINING for SCHWIND Refractive Package С.Н. Федоров атындағы Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Волгоград филиалы
  • 2016 ж. – «Катаракта және рефрактивтік хирургияның заманауи технологиялары» халықаралық қатысуымен XVII ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы. Ресей Федерациясы.

Ғылыми қызметі:

  • 150-ден астам жарияланымдардың, патенттердің, баяндамалардың, ресейлік және халықаралық конференцияларда, соның ішінде ASCRS және ESCRS сессияларында баяндамалардың авторы.

Қабылдауға жазылу

Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!