Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Глаукоманы
емдеу

Глаукома – бұл әртүрлі шығу тегі бар аурулар тобы. Алайда, ортақ белгілері: көз ішілік қысымның жоғарылауы, көру өрістерінің тарылуы, көру жүйкесі атрофиясының үдеуі. Бұл белгілер уақытында ем қолданылмаса, қайтымсыз соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Ауру көбінесе ешбір айқын белгілерсіз дамитындықтан, “көрудің үнсіз ұрлаушысы” деп аталады және тек ауру алыс сатыға жеткенде ғана байқалады.

Кейде глаукома ұстамасы басталуы мүмкін. Бұл жағдайда көзде қатты ауырсыну, зақымданған жақта бас ауруы, көрудің күрт нашарлауы сияқты белгілер байқалады. Мұндай симптомдар пайда болғанда, дереу офтальмологқа жүгіну қажет!

Қауіп тобындағылар:

  1. 60-70 жастан асқан пациенттер, көздеріне қатысты шағымдары жоқ болса да.

  2. 40 жастан асқан адамдар, оларда:
    – көз ішілік қысым қалыпты шекарасының жоғарғы шегінде;
    – оң және сол көз арасындағы көз ішілік қысымның айырмасы 5 мм. рт. ст. артық;

  3. 40-50 жастан асқан жоғары дәрежедегі жақын көру (миопия) бар адамдар, жоғары дәрежедегі алыстан көру (гиперметропия) бар адамдар (әсіресе 50 жастан асқан әйелдер);

  4. Көз ішілік қысымы жоғары адамдар, жасына қарамастан;

  5. Қан қысымы жасқа байланысты төмен адамдар;

  6. Диабет, эндокриндік, жүйке және жүрек-қантамыр аурулары бар адамдар;

  7. Көз жарақаттарын алған, көздің қабыну ауруларын (увеит, иридоциклиттер және т.б.) өткерген, көзге операция жасаған адамдар;

  8. Глаукома диагнозы бар туыстары (оның ішінде алыстағы туыстар).

Глаукоманың түрлері:

– Ашық бұрышты
– Жабық бұрышты
– Туа біткен
– Екінші

Глаукоманы диагностикалаудың негізгі әдістері:

Тонометрия — көздің ішкі қысымын өлшеу.

Гониоскопия — көздің алдыңғы камера бұрышын тексеру.
Офтальмоскопия — көздің ішкі бөлігін (көру нервін және тор қабықты) тексеру.
Пахиметрия — роговицаның қалыңдығын өлшеу.
Периметрия — көру өрістерін өлшеу.
OCT — көру нервінің дискісін оптикалық когерентті томография арқылы тексеру.

Глаукоманы емдеу:

Глаукоманы емдеудің негізгі мақсаты — көздің ішкі қысымын төмендету, көру нервінің зақымдалуын болдырмау және көру функцияларын сақтау.

Емдеу әдістері:
– Дәрілік
– Лазерлік
– Хирургиялық

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Оптический Когерентный Томограф OPTOVUE SOLIX

Оптический Когерентный Томограф OPTOVUE SOLIX

США
Анализатор поля зрения IVS 201A

Анализатор поля зрения IVS 201A

Эндотелиальный микроскоп SP-1P

Эндотелиальный микроскоп SP-1P

Япония
Фемтосекундный лазер SCHWIND ATOS

Фемтосекундный лазер SCHWIND ATOS

SCHWIND eye-tech-solutions, Германия

Біздің мамандар

Тәжірибесі: 14 жыл

Тещенко Елена Александровна

Жоғары санатты дәрігер, көздің торлы қабығының ауруларын емдеуші маман, халықаралық конгресстердің, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің тұрақты қатысушысы
Тәжірибесі: 12 жыл

Абилкакимова Асия Ергуатовна

Екінші біліктілік санатты дәрігер-офтальмолог.
Тәжірибесі: 3 жыл

Қасымханова Бақытқұсы Орынтайқызы

Дәрігер-офтальмолог

Қызметтердің бағасы

  • Лазерлік иридотомия 25.000

    (бір көзге)

  • Лазерлік трабекулопластика 25.000

    (бір көзге)

  • Транссклеральды микроимпульсті циклоспотовоздействие (ТМИ ЦФВ) 150.000

    (бір көзге)

  • Синустрабекулэктомия с дренаж имплантациясымен Glautex/Репегель 315.000

    (бір көзге)

  • Факоэмульсификация катаракты (ФЭК) с имплантациясымен гибкая монофокальды ИОЛ + синустрабекулэктомия с задней склерэктомией (СТЭ+ЗТС) + дренаж 605.000

    (катаракта және глаукома бойынша комбинирленген операция)

Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!