Катаракта
хирургиясы
Қазіргі уақытта катаракта хирургиясындағы алтын стандарт – факоэмульсификация мен интраокулярлық линзаны (ИОЛ) имплантациялау болып табылады.
Операция амбулаторлық жағдайда жергілікті анестезиямен жүргізіледі.
Операцияның ұзақтығы 7-15 минут. Реабилитация кезеңі 5-7 күн.
Катаракта хирургиясында маңызды сәт – жасанды хрусталикті таңдау және есептеу.
Негізгі интраокулярлық линзалардың түрлері:
Монофокальды – ең жақсы көруді бір фокустық қашықтықта қамтамасыз ету үшін арналған (немесе алыста, немесе жақында).
Монофокальды торикалық – ең жақсы көруді бір фокустық қашықтықта қамтамасыз ету үшін арналған (немесе алыста, немесе жақында), астигматизмді максималды түзету функциясымен.
Мультифокальды – бірнеше фокус нүктелері бар дифракциялық-рефракциялық линзалар, әртүрлі қашықтықтардағы көруді оңтайландыру үшін.
Мультифокальды торикалық – бірнеше фокус нүктелері бар дифракциялық-рефракциялық линзалар, әртүрлі қашықтықтардағы көруді оңтайландыру үшін, астигматизмді максималды түзету функциясымен.
EDOF технологиясымен – көру тереңдігі ұлғайтылған (ұзартылған) линзалар, жақыннан алысқа дейінгі көруді үздіксіз және тегіс ауысуды қамтамасыз етеді.
EDOF торикалық линзалар – көру тереңдігі ұлғайтылған (ұзартылған) линзалар, жақыннан алысқа дейінгі көруді үздіксіз және тегіс ауысуды қамтамасыз етеді, астигматизмді максималды түзету функциясымен.
Хирургтар әр пациенттің өмір салты мен күткен нәтижелерін ескере отырып, ең сәйкес ИОЛ таңдау керек. Пациенттерді таңдау мен алдын ала әңгімелесу мультифокальды/EDOF және торикалық ИОЛ ұсынысы кезінде өте маңызды.
Пациенттер операцияны ақылы түрде немесе ОСМС шеңберінде, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда жасауға құқылы.

Әрбір ASTANA VISION пациенті мыналарға сене алады:
- Жеке қызмет көрсету.
- Кешенді диагностика
- Нәтижелерді дәл болжау.
- Сауығуға дейін толық қолдау.
- Әділетті, қолжетімді баға.
- Ыңғайлы төлем шарттары.
Сонымен қатар, біз сізді қызықтыратын кез келген сұраққа ыңғайлы форматта жауап беруге дайынбыз: клиникада, телефон арқылы, мобильді мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде.
Қабылдауға жазылу
Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
Жабдықтар

Zeiss Lumera 700

Офтальмологический микроскоп LuxOR™ LX3

Диагностический комплекс VERION™

Факоэмульсификатор CENTURION® Vision System
Біздің катаракталық хирургтар.
Құны:
-
Катаракта факоэмульсификациясы EDOF линзасы Clareon Vivity имплантациясымен 750.000
(бір көз үшін)
-
Катаракта факоэмульсификациясы мультифокальды интраокулярлы линза Clareon PanOptix имплантациясымен 700.000
(бір көз үшін)
-
Катаракта факоэмульсификациясы монофокальды линза Clareon имплантациясымен 390.000
(бір көз үшін)
• Бұрын тағайындалған операцияға алдын ала тексеру тегін жүргізіледі;
• Бағасына кіреді: операцияға дайындық, операцияны жүргізу, анестезия, бір реттік шығынды материалдар.