Осыдан тура 1 ай бұрын, Алланың маған қайырлы еткен уақытысында 23.08.22жылы менің көптен бергі арманым осы жылы мақсатыма айналып, сәтті орындалды. Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Көзіме FemtoLASIK әдісімен лазерлік коррекция жасаттым. Жалпы лазерлік коррекция жайлы 2019 жылдан бері қарап оқып жүрдім, алайда қатты қорқатынмын,іштей дайын емес едім. Сол зерттеп қарап жүргенімде дәл сол бір хирургтың жасағанын қатты қалаған болатынмын. Алла сәтін салып, диагностикадан өтпей тұрып, операцияға бір күн қалғанда жаңағы қалаған хирургіме орын бос болып, жазыла алдым. Қатты қуанып кеттім.
22.08. Диагностикада 6-7 аппаратпен тексерген соң, оң көзім -7,75, сол көзім -7,25 екені анықталды. Көзімнің параметрлері операцияға жарағанына тағы бір қуандым. Операция 23.08 күні сағат 13:50ге белгіленді. Операцияның қалай жасалатынының видеосын көріп, неден кейін қай этап орындалатынын біліп алдым. 23.08 операция 10 минуттай жасалды. Түк ауырмайды деп айта алмаймын, ауырғанын сезіндім. Алайда хирург әр қимылын түсіндіріп отырды. Ары қарай қандай күтім жасау керектігін құлаққаптан тыңдап, көзге арналған тамшыларын берді. Көзімді ашқан сайын жасаурап, ашып жұмған сайын жырылған сияқты дискомфорт сезім болды. Минус үлкен болған соң жақын жерден көзім біразға дейін бұлдырап жүрді. Соның өзінде операция жасалған күні мамамның бет-әлпетін,кірпігіне дейін көргенде өзімнің бұрынғы зрениемнен әлдеқайда жақсы екенін түсіндім. Ертесіне операциядан кейінгі диагностикаға барар жолда бағдаршамның санын, көлік номерлерін, ғимараттардағы жазуларды, ағаш жапырақтарының шеттерін көріп, көзім 100% көретінін біліп мәз болдық. Тамшыларды уақытында тамызып,зарядка жасап, күтімін жасап 1 айдан кейінгі диагностикаға бардым,нәтижесінде екі көзіммен 125% көретін болдым. Аллаға Шүкір! Бастысы енді осы қалыпта сақталып тұрса.Жалғасы фотода➡️ @av_astana@doctor_remesnikov