Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

SmartSight әдісі арқылы көруді лазерлік түзету

ASTANA VISION – бірінші болып тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда ең жаңа буынды, озық технология SmartSight – инновациялық лазерлік түзету процедурасын ұсынады!

Schwind ATOS (Германия) фемтосекундтық лазерін қолдану арқылы көру ақаулықтарын емдеуге арналған бұл инновациялық технология хирургқа ота кезінде қауіпсіздік пен дәлдіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, қасаң қабықтың лоскутын қажет етпейтін, рефракционды қателіктерді түзетудің ең заманауи әдісі болып табылады. Көруді аз инвазивті түзетудің бұл инновациялық әдісі қасаң қабықтың беткі қабаттарын дерлік өзгеріссіз қалдырып, көру ақаулықтарын дәл және мұқият түзетуге мүмкіндік береді. SmartSight процедурасы миопия мен астигматизмді түзетудің қауіпсіз және тиімді әдісі болып табылады.

ReLEx SMILE-ден айырмашылығы, SmartSight неғұрлым жетілдірілген және технологиялық тұрғыдан үздік әдіс болып табылады, оның Eye Centering&Cyclotorsion Control жүйесі бар.

Бұл ота кезінде көздің орналасуын интеллектуалды компьютерлік бақылау арқылы көзге лазерлік әсер дәл тұрғылықтанады.

SmartSight техникасында лазерлік экспозицияны автоматты түрде орталықтандыру және астигматизм осін орналастыру үшін осы опциялардың болуы лазерлік түзету тиімділігінің дәлдігі мен болжамдылығын арттырады.

ReLEx SMILE әдісінен негізгі айырмашылығы:

– SmartSight әдісімен лазерлік экспозицияны автоматты түрде орталықтандыру және астигматизм осін позициялау үшін компьютерлендірілген опцияның болуы лазерлік түзетудің дәлдігі мен болжамдылығын арттырады;

– SmartSight техникасы ReLEx SMILE-мен салыстырғанда строманы үнемдейтін процедура және миопияның жоғары дәрежесімен және/немесе салыстырмалы жұқа қасаң қабықпен түзетуді жүзеге асыруға болады;

– SmartSight техникасы лазерлік әсер етудің функционалды оптикалық аймағының кеңеюіне байланысты ReLEx SMILE-мен салыстырғанда отдан кейін көру қабілетінің сапасы біршама жоғары болады;

– SmartSight техникасы отдан кейінгі қол жеткізілген нәтиже тұрақтылығының жоғарылауын, функционалды оптикалық аймақтың кеңеюі есебінен түнгі және ымырттағы көру сапасының жоғарылауын қамтамасыз етуі тиіс трансзонаның қалыптасуын енгізді;

– Төменгі энергия деңгейін пайдаланудың арқасында қалпына келу кезеңі тезірек болады.

SCHWIND ATOS – бұл SmartSight инновациялық әдісін жүзеге асыратын жабдық және оның бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, лазерлік жүйе әмбебап болып табылады және гиперметропия мен аралас астигматизмді түзету кезінде әртүрлі диаметрлі лоскуттарды қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Екіншіден, лазерлік әсер етудің кең функционалды оптикалық аймағына байланысты ол отдан кейін жоғары көру өткірлігін қамтамасыз етеді. Сонымен, лазерлік жүйенің эргономикалық дизайны арнайы қондырмалар мен саптамаларға деген қажеттілікті болдырмайтын сүзгілерді қамтиды, лазерлік жүйемен көздің қолайлы және оңтайлы байланысын қамтамасыз етеді. Клиникалық тәжірибеде бұл қауіпсіз және тиімді шешім.

Имея в арсенале такие преимущества, SmartSight назначают при:

SmartSight әдісімен ота 2 кезеңде жүзеге асырылады:

1 КЕЗЕҢ

Көздің қалпын интеллектуалды дәл бақылауға байланысты лентикуланың қалыптасуы;

2 КЕЗЕҢ

Минималды микрокескін арқылы лентикуланы алып тастау.

Процедура жергілікті анестезиямен жүзеге асырылады, емделуші ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді.

Келесі күні шектеусіз жайлы және қалыпты өмір салтыңызға оралуды қамтамасыз етеді. Спортпен айналысып, әдеттегі жұмысыңызға орала аласыз!

Неліктен ASTANA VISION клиникасында SmartSight әдісі арқылы лазерлік түзетуді орындау керек?

Орталық Азиядағы көз клиникаларының ең үлкен желісі – ASTANA VISION, бұл инновациялық процедураны ұсынатын Қазақстандағы бірінші және жалғызы!

Сондай-ақ, біздің клиникада ондаған мың оталарды жасаған үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Біздің клиника толық жинақтағы ең озық, қымбат, импорттық жабдықтардың арсеналын үнемі жаңартып, толықтырып отырады.
Біз емдеудің және көруді түзетудің заманауи әдістерін енгізетін Қазақстандағы офтальмологиялық клиникалардың ең ірі желісі болдық және болып қала береміз.

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Оборудование

Фемтосекундный лазер WaveLight® FS200

Фемтосекундный лазер WaveLight® FS200

Alcon, США
photo55b8ba5108c6616

Эксимерный лазер WaveLight® EX500

Alcon, США
mask_group

Фемтосекундный лазер VisuMax

Carl Zeiss Meditec, Германия
atos_femo

Фемтосекундный лазер SCHWIND ATOS

SCHWIND eye-tech-solutions, Германия

Стоимости услуг обновлены с 1 января 2023 года

Қызмет құны

Существует гибкая система скидок при оплате наличными или картой

Возможна оплата с помощью рассрочки

SmartSight

(один глаз)
400.000 KZT
Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!