Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

ReLEx SMILE әдісі арқылы көруді лазерлік түзету

Егер бұрын миопия немесе астигматизм диогноздары көзілдірікті немесе контактілі линзаларды киюге өмір бойы бас бостандығынан айырғандай көрінсе, онда бүгінгі күні офтальмологтар көру қабілетін қалпына келтіріп қана қоймай, оны мүмкіндігінше тиімді, науқасқа аз ыңғайсыздық тудыратындай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше әдістерді ұзақ қалпына келу процесінсіз сенімді түрде пайдаланып келеді.

Ал ең прогрессивті және жеңіл әдіс – ReLEx SMILE көруді лазерлік түзету әдісі (SMall Incision Lenticula Extraction).

ReLEX SMILE артықшылықтары:

ReLEx SMILE көруді лазерлік түзетуі ең озық технологиялардың бірі болып саналады. Операция кезіндегі негізгі құрал – VisuMax және немістің Carl Zeiss компаниясының мамандары әзірлеген фемтосекунд лазері. Оның көмегімен қасаң қабықтың қалыңдығынан микролинза (лентикула) кесіледі және microaccess (2 мм) арқылы жойылады. Яғни, қасаң қабықтың табиғи анатомиялық құрылымын сақтай отырып, түзету жүргізіледі.

Алғаш рет бұл әдіс 2007 жылы қолданылып, тамаша нәтиже көрсетті. Содан бері бүкіл әлем бойынша жасалған 3 миллионнан астам процедуралар орындалды және дәрігерлердің көпшілігі адамдарға көруді қалыпқа келтірудің ең ыңғайлы лазерлік түзетуі ретінде осы технологияны ұсынады.

Қақпақсыз, толық фемтолазермен, азырақ инвазивті лазерлік түзету әдісінің артықшылықтарына мыналар жатады:

Процедура кезінде пациент үшін максималды жайлылық;

Операциядан кейінгі минималды ауырсыну синдромы;

Операциядан кейін ешқандай шектеулердің болмауы.

Ерекшелігі: максималды көру өткірлігін қалпына келтіру кейде FemtoLASIK технологиясына қарағанда біршама баяу. Сонымен қатар, бұл әдіс гиперметропияны түзетуге жарамсыз.

ReLEx SMILE процедурасының кезеңдері:

Процедура келесі тұлғаларға ұсынылады:

Қарсы көрсетілімдер:

Бұл жағдайларда басқа түзету әдістерін қолданған дұрыс: PRK, FemtoLASIK, линзаны жасандыға ауыстыру.

Процедураның өзі 2 кезеңде жүзеге асырылады:

1 КЕЗЕҢ

Көздің қасаң қабығының қалыңдығында лентикуланың түзілуі;

2 КЕЗЕҢ

Микролинзаны 2 мм-лік микрокіріс арқылы алып тастау.

Ауырсынуды толығымен жою үшін тамшылату арқылы анестезия қолданылады. Лазер бір көзге бар болғаны 25 секундқа әсер етеді, бұл процедураны орташа есеппен 8-10 минутты құрайды.

Операциядан кейін бір күннен кейін әдеттегі өміріңізге оралуға болады: ешқандай шектеулер болмайды. Дегенмен, нәтижеле кқру үшін дәрігер айтқан ұсыныстарды ұстанған жөн.

ReLEx SMILE Қазақстанда қай жерде жасалады? Емхананы қалай табуға болады?

ReLEx SMILE әдісі арқылы көруді лазерлік түзетуге қызығушылық танытсаңыз, сіз дұрыс жерге келдіңіз. Өйткені, ASTANA VISION клиникасында озық материалдық-техникалық жабдықтар, сондай-ақ мұндай операцияларды жасауда көп жылдық тәжірибесі бар дәрігерлердің шоғыры бар.

Қазақстандық офтальмологиялық қызметтер нарығында 25 жылға жуық белсенді жұмыс нәтижесінде біз мыналарды ұсына отырып, мыңдаған пациенттердің сенімін ақтай алдық:

Ал біздің менеджерлер телефон арқылы, сайт арқылы (чат, «Кері байланыс»), мессенджерлерде немесе қалаңыздағы ASTANA VISION клиникаларында барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қызмет құны

ReLEx SMILE

(екі көзге)

700.000 KZT
Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Ваш город:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!